"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детская музыкальная школа города Степногорск при отделе образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дауленбаева Шынар Еркінқызы, қобыз, домбра сыныбы оқытушысының " Мәдениеттің маңызды саласы - музыка өнері" атты мақаласы

17.02.2017

Мәдениеттің

маңызды саласы – музыка өнері.

Жеке тұлғаның қалыптасуына,дамуына музыка өнері

аса маңызды роль атқарады. Музыка адам санасына жүйке жүйесіне ықпал ететін

ерекше құбылыс, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші әсерлі әуен.

Музыка өнері адамды біртұтас жан дүниесімен

нұрландыруға қандай да бір жетілу, кемелдендіру, талпындыруға тәрбиелейді.

Жалпы бұл өнердің мақсаты – адамдарда, жас буын

бүлдіршіндерде, оқушыларда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу,

бағалай білу, қабылдай білу қабілеттерін арттырып өмірді жаңартып өзгертіп

отыру.

Оқушылардың музыка өнері жөніндегі ой-өрісін

дамытуда, түсінігін кеңейтуде заман талабына сай құрылған музыка сабағының

алатын орны зор.

Музыка пәнін оқыту дұрыс қойылған жағдайда

балаларда музыкаға деген сүйіспеншілік пен музыкалық талғамы қалыптасып,

музыкалық сезім оянып,музыкалық есту мен музыкалық есте сақтау қабілеттері

артады.

Музыка мектебінде істегендіктен, оқушылардың

өнерге деген сүйіспеншілігі, өмірге деген құштарлығы, еңбекке, іскерлікке деген

қызығушылығы артып отыру үшін мұғалім әр сабақты саналы да, жүйелі ұйымдастыруы

қажет.

Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы арқылы

оқушының бойында адамгершіліктің, саналы тәртіпті, жоғары мәдениеттіліктің

негізі қалыптасады.

Басқа пәндердей емес музыка сабағы көбінесе

ауызша, ойлау, есту қабілетінің негізінде өткізіледі. Тыңдау, айту, ойлау,

тәсілдері пайдаланылады.

Әр қилы тәсілдерді пайдалана өткізілген сағат

пәнге қызығушылығы артып, белсенділігі нығаяды, білімі молаяды.

Ал, келер бір сабақтарда халқымыздың дәстүр –

тұрмыс, кейбір жете білмейтін жөн – жоралғы, ұғым – түсініктерді бүгінгі өмірге

жанастыра көңіл аударсақ, ұлттық тәлім – тәрбиені қадірлеуге назар аударамыз.

Музыка өнерін игеруде музыка оқулығынан басқа

қосымша материалдар пайдаланып, тақырыпты ашып қызықты да, саналы өткізетін

болсақ, оқушы терең де, тартымды эстетикалық тәрбиенің әдемілік,

сұлулық,сезімдері оянып іскерлік қасиеттері одан әрі дамиды.  

Степногорск қаласы

БММ оқытушысы

Ш.Е.Дауленбаева

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст