2016 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету
саласындағы Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Балалар
музыкалық мектебі" МКҚК жария тыңдаулар қызметі туралы
ХАТТАМА № 1
Күні: 24.02.2017 ж.
Қатысты: 22 оқытушы, 47 ата-ана
Күн тәртібі:
1. «Қосымша білім беру бойынша балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік қызметтін ұсыну ережесі және есеп көрсету туралы (мектеп директоры Э.Ю.Володина)
2. Тізбе бойынша құжаттар және «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметтін ұсыну ережесі және есеп көрсету туралы (мектеп директорының ОЖ бойынша орынбасары О.С.Ершова)
3. 2016 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Балалар музыкалық мектебі" МКҚК есеп-талдау қызметі туралы (қосымша).
Бірінші сұрақ бойынша, мектеп директоры Э.Ю.Володина тыңдалды, 2016 жылдың қорытындысы бойынша есеп жасап, «Қосымша білім беру бойынша балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға
қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелерімен таныстырды.
Екінші сұрақ бойынша, мектеп директорының ОЖ бойынша орынбасары О.С.Ершова тыңдалды, 2016 жылдың қорытындысы бойынша есеп жасап «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелерімен таныстырды.
Үшінші сұрақ бойынша, мектеп директоры Э.Ю.Володина тыңдалды, 2016 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Степногорск қаласының білім бөлімінің жанындағы "Балалар музыкалық мектебі" МКҚК туралы есеп берді.
Қабылдаған шешімі: 2016 жылғы Степногорск қ. білім бөлімінің жанындағы «Балалар музыка мектебі» МКҚК бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы қанағаттанарлық деп саналсын.
Мектеп директоры Э.Володина
Төрағасы О.Ершова
Хатшы А. Аманкелдиева