Дәстүрлі ән сабағын өткізудің әдіс-тәсілдері
Қазақтың дәстүрлі ән өнері ғасырдан-ғасырға,
ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға мирас болып, бүгінгі күнге дейін өзінің
сабақтастығын тауып келе жатыр. Дәстүрлі орындаушыларды кәсіби деңгейде
дайындау бір кездегі қазақ зиялыларының арманы болса, бүгінде осы мақсаттардың
біртіндеп жүзеге асып келе жатқандығы баршамызға аян. Ән сезімінің кейбір кезеңдерін сыртқа
шығаруда адамның табиғи құралының бірі болды. Халық әндерінің тартымды
келетіні, жүрегіңе қона қалатыны, олардың о баста өнер қуу мақсатында
шықпай,табиғилық жағының басым болуында.
Қазақ халқының тарихи болмысы әні мен күйінде, тілі мен
дәстүрінде, қол өнері мен моральдық-эстетикалық қалыпарында да тұнып тұр.
Әншілік бұл-үлкен өнер. Қазақ халқының талғам, түсінігі ежелден-ақ әншілікті
айрықша дарын деп есептеп, биік өнерге балаған. Ән үйрену ежелден келе жатқан
құймақұлақтық жүйемен жүргізіліп келеді. Әрине, бұл қанға сіңген үйретуге де,
үйренуге де оңай жүйе болғанымен, сауатты музыкант, әнші болуға аздық етеді.
Біздер үшін де келешек ұрпақ үшін де Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков,
Манарбек Ержанов, Дәнеш Рақышев сынды өнер саңылақтарының халықтық ән орындау
ерекшелігі мен шеберлігін сақтап, орындаған әндерін қаз-қалпында солардың
орындау түрінде нотаға түсіру арқылы алдымыздағы шәкірттерімізге үйрету
заманымыздың талабына сай тәсіл (методика) деп ойлаймын.
Жалпы әдіс-тәсілдердің кеңінен қолданылуы оқушының
жан-жақты дамуына ықпалын тигізері анық. Берілген шығарманы жаттанды түрде ғана
орындап шықпай, нақышына келтіріліп орындауын да талап етіп отырарымыз
анық.Оқуға бала қабылдар алдында оның дауыс ырғағына ерекше мән береміз.Ритм да
осы ретте үлкен рөл атқарады.Осы талаптар бойынша қабылдаудан өткен оқушыны ары
қарай дамыту ұстаздың еңбегінен көрінеді.Бірнеше кезеңдер арқылы оқушының
дикциясын, дұрыс тыныс алуын, әннің мәтінін анық шығаруын,аспата шебер ойнауын,
оқушыны психологиялық тұрғыдан да жұмыс жасай отырып, қалың халық алдында
әнді өз деңгейінде орындап шығуына куә болуға болады.
Ән орындау үшін тілдің алатын орыны ерекше.Сондықтан
тіл техникасымен де көбірек жұмыс жасалғаны дұрыс.Сөзді дұрыс сөйлеу
тілді,ерінді,дауысты, тынысты дұрыс қолданып,дұрыс сөйлеуге үйретеді.Ол үшін
тіл,ерінге арналған жаттығуларды көбірек жасату керек.
Саханада ән айтқанда тілдің әртіске бағынбауы да мүмкін. Оған
кейбір жайттар әсер береді:шаршаңқылық,сасқалақтық,әнге дайындықтың аздығы
немесе көңіл күй де болуы мүмкін емес пе? Сондықтан,жаңылтпаштар-үйде жүргенде
әртістің тілін жолға келтіретін бірден-бір құрал.
Негізінде иектің,ауыздың қимылдарына аса көңіл бөлген
жөн.Ол үшін мына тордағы әріптерді дауыстап,айнаға қарап айтуға да оқушыларға
кеңе беріп отырамын.
Енді дауысқа келер болсақ табиғи қалыптасқан көп
жұмысты қажет етпейтін дауыстар да,керісінше (постановка) дауыс ырғағына
жаттығуларды қажет ететіндері де болады емес пе? Бәрімізге белгілі осы
жаттығуға ынғайлысы фортепиано немесе ол болмаған жағдайда аспапты да
пайдалануға әбден болады.Жоғарыда айтылып кеткендей дыбысты таза алуға бірнеше
жаттығуларды орындағандай енді осы дыбыстарды әуенмен де қосып орындау, сонымен
қатар, гамма ны да жоғары төмен бірнеше рет айтқызу арқылы оқушының ән
орындағанда әуеннен ауытқып кетпеуін қадағалауға болады немесе тағы бір дауысқа
арналған жаттығу мынадай: Ле,ми,зи тағы басқа дыбыстарды қолдана отырып,
әр дыбыс алдында дем ала отырып, жарты тонға көтере отырып, қандай дыбысқа
дейін дауысы қысылмай еркін орындаған сайын көтеріп отырылады.Егер баланың
дауысында діріл немесе қысыңқы шығып жатқан жағдайда дауысқа салмақ салмай кері
қарай бастапқы нотаға төмендеп оралу керек.Осындай жаттығуларды бірнеше
өзгертіп орындатуға болады.Дәстүрлі ән айту өнеріне баулу үшін. Оқушылардың
қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға Қазақстанымызға белгілі әншілерінің
орындауындағы әндерін жиі тыңдату.Концерттік кештерінен үзінділер көрмсету.Халық
әндерінің эстрадалық нұсқасын тыңдату.
Енді оқушыға шығарма берерде қабылдау деңгейіне қарай
беріледі. Кейін сыныбы өскен сайын бұл шығармалар күрделенуі тиіс.Шығарма
берердуде жалпы жиі қолданылатын : Қазақ композиторларының «Халық әндері» жинағы
кітабы. “Сарыарқа әндері” антологиясы.
Соңғы нәтиже: оқушылардың өнер байқауындағы
жетістіктері,дарындылыққа жол.
Касенова Перизат Сайлаубековна,
Бестөбе кенті филиалы Балалар музыка
мектебінің
домбырамен ән салу бойынша оқытушысы.